Қазақстан қыздар құрамасы триатлоннан жасөспірімдер Азиядасында өнер көрсетті
Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан қыздар құрамасы триатлоннан жекелей сайыста өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жарысқа екі қазақстандық спортшы қатысты. Нәтижесінде Алуа Нұрмұхамет жетінші болып мәреге жетті. Калерия Шнейдер жарысты 11-орында аяқтады.
Алтын медальді Қытай спортшысы Сюй Эньгэ жеңіп алды. Күміс жүлде Бянь Цзицзяға (Қытай), ал қола Индонезия өкілі Марта Ардистреге бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Рамазан Айнегов күміс медаль ие болған еді.

Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или