Олжас Абраев Конференция лигасы матчының делегаты болып тағайындалды

Олжас Абраев Конференция лигасы матчының делегаты болып тағайындалды

Қазақстандық маман Олжас Абраев УЕФА Конференциялар лигасы негізгі кезеңінде Хорватияның «Риека» және Чехияның «Спарта Прага» клубтары арасындағы ойынның делегаты болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Кездесу 23 қазанда сағат 21:45-те (Қазақстан уақытымен)  Хорватияның Риека қаласындағы «ХНК Риека» стадионында өтеді.

Олжас Абраев - 2013 жылдан бері УЕФА матчтарының делегаты, ал 2016 жылдан бастап ФИФА-ның матч комиссары.

Айта кету керек, УЕФА матчтарына тағайындалған делегат ұйымның ресми өкілі ретінде ойындарда бақылаушы қызметін атқарады. Ол матч алдындағы ұйымдастыру жиынына төрағалық етіп, ойынның тәртіпті әрі қауіпсіз өтуін, регламент талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге жауапты. 

Сондай-ақ, стадион мен оның аумағындағы тәртіп пен қауіпсіздік ережелерінің орындалуын бақылайды. Қажет болған жағдайда делегат УЕФА әкімшілігінің өтініші бойынша дайындық барысы жөнінде есеп береді және турнир өтетін нысанның дайындығын алдын ала бағалайды.

Дереккөз: ҚФФ Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или