Қазақстандық спортшы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Триатлоннан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Рамазан Айнегов Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жарыс "суперспринт" бағдарламасы бойынша өтті.

Қазақстан намысын екі спортшы қорғады. Нәтижесінде Рамазан Айнегов екінші болып мәре сызығын кесті. Ал Артем Бедрин жетінші орын алды.

Жарыс жеңімпазы - қытайлық Ли Янсон, оңтүстіккореялық Ву Хён Кан үздік үштікті түйіндеді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или