Қазақстандық балуан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық балуан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Юсуф Мациев Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мациев 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті. Шешуші белдесуде ол украиналық Егор Якушенкомен кездесті. Тартысты белдесу 6:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында қазір екі медаль бар. Бұған дейін 72 келіге дейінгі салмақта Мерей Мәулетханов қола жүлдегер атанған болатын.

Мерей Мәулетқанов әлем чемпионатының қола жүлдегері

Әлем чемпионатының жартылай финалында қос қазақ кездесті

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде күреседі


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или