Қазақстандық балуан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері

Күрес түрлерінен Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жаһандық додада ел қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен отандасымыз қола жүлде үшін таласта бейтарап спортшы Данил Григоревті мерзімінен бұрын жеңді.
Жарыс барысында Мерей Болгария балуаны Сергей Стоевты 8:0, Түркия спортшысын 9:0 есебімен бет қаратпай жеңсе, жартылай финалдық тартысты белдесуде Өзбекстан өкілі Аброр Атабаевқа 1:3 есебімен жол берген еді.
Айта кетейік, 22 жастағы Мәулетқанов өткен айда ғана ересектер арасындағы дүниежүзілік бәсекеде әлем чемпионы және Париж Олимпидасының жүлдегерін ұтып, сенсация жасаған еді. Нәтижесінде ол 5-орынға тұрақтаған болатын.
Әлем чемпионатының жартылай финалында қос қазақ кездесті
Қазақстандық балуан әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде күреседі
Қазақстандық балуан грек-рим күресінен U23 әлем чемпионатының финалына шықты