«Қайраттың» Чемпиондар лигасының 3-турындағы ойынына қанша жанкүйер жиналғаны белгілі

«Қайраттың» Чемпиондар лигасының 3-турындағы ойынына қанша жанкүйер жиналғаны белгілі

Чемпиондар лигасының 3-турында өткен «Қайрат» - «Пафос» ойынына барған жанкүйерлердің саны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футбол матчтарына қатысты мәліметтер мен статистика жариялайтын Football Meets Data ресурсының дерегіне сүйенсек, «Қайрат» - «Пафос» кездесуін 16 478 көрермен тамашалаған. Ал Алматының Орталық стадионы 23 мыңнан астам жанкүйерді сыйдыра алады. Ойынның өзі голсыз 0:0 есебімен аяқталған болатын.

Айта кетейік, матч алдында жанкүйерлер билеттің шектен тыс 30 000 - 250 000 теңге тұратындығына ашық наразылығын білдірген болатын.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или