Эдуард Базров Хамзат Чимаевқа қарсы лайықты қарсыластың кім екенін айтты

Эдуард Базров UFC орта салмағындағы чемпион Хамзат Чимаевқа ең қызықты қарсылас кім болатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Хамзат пен Алекс Перейра арасындағы жекпе-жек өте қызықты болар еді. Алекс мүлде басқа салмақта өнер көрсетеді, әрі өте қуатты спортшы. Бұл кездесуді көргім келеді. Дегенмен, бұл жекпе-жекте де мен жеңісті Чимаевқа берер едім. Себебі оның күресі, грэпплингі және прессингі ерекше. Соңғы жекпе-жекте оның физикалық дайындығы да жақсы деңгейде екенін көрсетті. Оның үстіне, Хамзаттың жеңіске деген ынтасы өте жоғары — ол әрқашан тек жеңу үшін шығады», - деді Эдуард Базров.
Айта кетсек, Хамзат Чимаев биыл тамыз айында Дрикус Дю Плессиді айқын басымдықпен жеңіп, орта салмақтағы чемпион атанған болатын.
Ал Алекс Перейра қазан айының басында өткен реваншта Магомед Анкалаевты нокаутқа түсіріп, жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін қайта иеленді.
UFC жауынгері Павлович ерекше жекпе-жек алаңында өнер көрсетуді армандайды
Қазақстандық нокаутшы турнирге он күн қалғанда жеңілмеген қарсылас алды