Қазақстандық гимнаст Эвелина Ежова әлем чемпионатында дебют жасады

Джакартада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында әйелдер көпсайыс бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның жалғыз өкілі Эвелина Ежова 24 үздік гимнастшының қатарына ене алмай, финалға жолдама ала алмады.Алматыдан келген 16 жастағы гимнасшы аруымыз көпсайыс нәтижесі бойынша жалпы 47.132 ұпай жинады (тіреп секіру – 12.766, қоссырық – 10.300, бөрене – 12.133, еркін жаттығулар – 11.933).
Айта кетейік, ерлер арасындағы жарыста үш гимнасшымыз финалға шықты. Милад Карими еркін жаттығу мен керме жаттығуында медаль үшін күрессе, Нариман Курбанов және Зейнолла Идрисов ат снарядындағы жаттығуда өнер көрсетеді.
Қазақстандық гимнастар Жапония құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде