Чемпиондар лигасы: «Қайрат» қалған ойындарын Астанада өткізуі мүмкін

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» қалған ойындарын Астанада өткізуі мүмкін

Алматылық «Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев команданың Чемпиондар лигасындағы келесі өз алаңындағы матчтарын Астанада өткізуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз бұл мәселені шынында да қарастырып жатырмыз. УЕФА тарапынан ресми ұсыныс келіп түсті. Онда ойын өтетін орынды ауыстыруға құқылы екеніміз ресми түрде расталды.

Қорытынды шешімді 5 қараша күні «Интерге» қарсы өтетін матчтан кейін қабылдаймыз. Уақыт бар. Бәрін ауа райына байланысты бағамдаймыз. Біз барынша Алматыда ойнағымыз келеді. Бұл шындық.

Алаң да, ойыншылар да дайын болады деп сенеміз. Бірақ, өкінішке қарай, ауа райы жанкүйерлерге қолайсыздық тудыруы мүмкін. Өткен жылы 12 желтоқсанда «Челсимен» өткен матчта мұны анық сезіндік. Ол уақытта ауа райы тым суық болған еді», - деді Боранбаев.

Айта кетейік, «Қайрат» енді өз алаңында «Олимпиакос» (09.12) пен «Брюггені» (20.01) қабылдайды.

ҚПЛ-дың 25-туры маусымдағы ең нәтижелі тур болды

«Қайрат» бапкері «Пафосқа» қарсы матч жайлы пікір білдірді

Темірлан Анарбеков ЧЛ матчында командасын талайдан құтқарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или