Абылайхан Жүсіпов ұзақ үзілістен кейінгі жеңісіне қатысты пікір білдірді

Абылайхан Жүсіпов ұзақ үзілістен кейінгі жеңісіне қатысты пікір білдірді

Бірнеше жылдан кейін ел чемпионатына қатысып, топ жарған Абылайхан Жүсіпов біріншілікті қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«4-ші мәрте Қазақстан біріншілігінің чемпионы атандым! Бұл жеңіс мен үшін тек жеке жетістік емес, мені қолдап жүрген барлық жанның ортақ жеңісі деп білемін».

70 келідегі тәжірибелі Абылайхан Жүсіпов шеберлігін паш етіп, кезекті мәрте Қазақстан чемпионы атағын иемденді. Ол финалда Алматы қаласының өкілі Фарух Тоқтасыновты 5:0 есебімен ұтты.

Бұған дейін қос боксшы 2025 жылы Болгарияда «Странджа» және 2024 жылы Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалында жолығып, Абылайхан жеңіске жеткен еді.

Бокстан Қазақстан чемпионатының барлық жеңімпаздары белгілі болды

World Boxing әлемнің үздік боксшыларының рейтингін жариялады

Қазақстан чемпионатының үздік боксшысы анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или