ҰОК президенті Геннадий Головкин Рашид Иса Флейфельмен кездесті кездесті

ҰОК президенті Геннадий Головкин Рашид Иса Флейфельмен кездесті кездесті

Бахрейнге жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Корольдіктің бокс федерациясының басшысы Рашид Иса Флейфельмен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz

Кездесу 22–31 қазан аралығында Манамада өтетін III Жасөспірімдер Азия ойындары қарсаңында ұйымдастырылды. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бокстың стратегиялық дамуы бағытында пікір алмасты.

Сондай-ақ бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу, тәжірибе алмасу және спортшыларды даярлаудың заманауи әдістерін енгізу мәселелері талқыланды.

Рашид Иса Флейфель Қазақстанмен әріптестікті кеңейтуге дайын екенін айтып, Геннадий Головкинді Бахрейн құрамасы дайындық жүргізіп жатқан жаттығу базаларына шақырды.

Айта кетейік, Азия ойындарындағы бокс бәсекелері 23 қазанда басталады.

Геннадий Головкин қазақстандық жас боксшылармен кездесті

Қазақстан чемпионатының үздік боксшысы белгілі болды

Сәкен Бибосынов ел чемпионатында топ жарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или