ҰОК президенті Головкин бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасымен кездесті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда құрама 2025 жылы Бахрейннің Манама қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр.
Геннадий Головкин құраманың жаттығуына барып, спортшылар және бапкерлік құраммен бейресми жағдайда әңгімелесті.
ҰОК басшысы халықаралық деңгейдегі ірі турнирлерде жинаған тәжірибесімен бөлісіп, табысқа жету жолында тәртіптің, жанкештіліктің және командалық бірліктің маңыздылығын атап өтті.
Геннадий Головкин жас боксшыларға алдағы кездесулерде салқынқанды болып, өз күшіне сеніп, бар назарын айқасқа аударуға кеңес берді. Сондай-ақ Азия ойындарында өнер көрсету олардың спорттық жолындағы маңызды кезең болатынын айтты.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары аясында бокс жарыстары 23 қазанда басталады. Ел намысын 14 спортшы қорғайды.
Қазақстан чемпионатының үздік боксшысы белгілі болды