Жамбыл облысы Белбасар ауылында көкпар өткізуге арналған жаңа спорт алаңы ашылды

Жамбыл облысы Белбасар ауылында көкпар өткізуге арналған жаңа спорт алаңы ашылды

Республика күні қарсаңында Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында көкпар өткізуге арналған жаңа спорт алаңы ашылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тимур Құлыбаевтың «Halyk» қайырымдылық қорының демеушілігімен, “Қызылша жер” компаниясының ұйымдастыруымен ашылған заманауи спорт алаңы жергілікті тұрғындар мен спортшылардың бас қосатын орталығына айналмақ. Бұл — ұлттық спорт түрлерін дамыту мен ауылдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. 


Жаңа нысан 300-ден астам көрерменге арналған. Ашылу рәсімі аясында қазақтың ұлттық дәстүрлерін дәріптеу және жас спортшыларды қолдау мақсатында аймақтық көкпар турнирі ұйымдастырылды

Жарысқа өңірдің ең мықты сегіз командасы қатысып,

«Мерке» құрамасы — 3 000 000 теңге

«Аманат» (Белбасар) — 2 000 000 теңге

«Бірлес – Әулиеата» — 1 000 000 теңге


Осындай игі іске мұрындық болған Halyk қоры ұлттық спортты жаңа сапаға көтеріп, ауылдық инфрақұрылымды дамытуға тың серпін берді.


Геннадий Головкин Бахрейн бокс федерациясының президентімен кездесті

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: Бахрейнде Қазақстанның туы көтерілді

Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Малайзияны жеңді

Әйгілі украиналық боксшының келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или