Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдарына қарсы жолдастық матч өткізеді

Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдарына қарсы жолдастық матч өткізеді

18 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдары командасымен жолдастық ойында кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу бейтарап алаңда, Хорватияның Пула қаласындағы «Алдо Дросина» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Бұл ойын Қазақстан құрамасы үшін биылғы соңғы матч болмақ. Ол 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында 15 қарашада Бельгия құрамасына қарсы үйдегі ойыннан үш күннен кейін өтеді.

Алдағы матч Қазақстан мен Фарер аралдары құрамалары арасындағы төртінші ресми кездесу болмақ. Бұған дейінгі үш ойында Қазақстан құрамасы бір рет  жеңіске жетіп, бір рет тең ойнап, бір мәрте жеңілді.

«Басымдықты пайдалана алмағанымыз өкінішті»: «Қайрат» бапкері «Пафосқа» қарсы матч жайлы пікір білдірді

Темірлан Анарбеков ЧЛ матчында командасын талайдан құтқарды

«Денвер Бронкос» ойыншысы төрешіге қоқан-лоққы көрсеткені үшін шеттетілді

ҚПЛ-дың 25-туры маусымдағы ең нәтижелі тур болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или