Грек-рим күресінен ӘЧ: қазақстандық балуан финалға шықты

Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасының өкілі Юсуф Мациев Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды , деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық балуан 97 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында Максим Аверинді (Ресей) 9-4 есебімен тізе бүктіріп, ақтық сынға жолдама алды.
Ал 55 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Мамырбеков қарсыласының финалға шыққанына байланысты қола жүлде үшін күреседі.
Сондай-ақ Мерей Мәулетханов 72 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Аброр Атабаевқа (Өзбекстан) есе жіберді. Енді қола медаль үшін бақ сынайды.
Әлем чемпионатының жартылай финалында қос қазақ кездесті
Қазақстандық балуан әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде күреседі
Әйелдер күресінен U23 әлем чемпионаты: ұлттық құраманың тізімі жарияланды