Ферапонтов «Қайрат» – «Пафос» ойыны жайлы пікір білдірді

Ферапонтов «Қайрат» – «Пафос» ойыны жайлы пікір білдірді

21 қазан күні Алматыда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» кездесті. Матч 0:0 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойынға қатысты өз пікірін белгілі қазақстандық маман Андрей Ферапонтов білдірді. «Матч қызықты өтті, бірақ төртінші минуттағы қонақтардың ойыншысы алаңнан қуылған соң, сценарий өзгерді. «Қайрат» допқа көбірек иелік етіп, бірінші нөмірмен ойнады. Ал «Пафос» қорғанысқа көңіл бөліп, қарымта шабуыл мен стандарттарға сенді.

«Пафос» командасы қатты ұнады. Ойыншылардың деңгейі жоғары, кей сәттерде «Қайраттан» да басым ойнады. Жасалған сәттер мен қақпаға бағытталған соққылар статистикасы бойынша да олар артық болды. Екінші таймда «Қайраттың» гол соғатын мүмкіндігі болды – Зария мен Арадтың, сондай-ақ Сәтпаевтың сәттері есімде», – деді Ферапонтов.

Маманның айтуынша, матчтың қарқыны төмендегенімен, тактикалық тұрғыдан өте қызықты өтті: «Қарсылас аз құраммен ойнағанда сценарий өзгереді. Сол себепті бұл ойында екі команданың да әрекетін бақылау қызық болды. Бірақ «Қайрат» сапындағы кейбір ойыншылар өз деңгейінде ойнаған жоқ», – деп түйіндеді ол.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері келесі ойынын 5 қараша күні Миланда өткізеді. Қарсылас – жергілікті «Интер».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или