«Қайрат» қақпашысы Анарбеков «Пафосқа» қарсы ойында жарқырады

Чемпиондар лигасында өткен «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» арасындағы матч тең нәтижемен (0:0) аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойынның басты кейіпкері жас қақпашы Темірлан Анарбеков болды. Оның тамаша сэйвтері команданы бірнеше рет қиын жағдайдан аман алып шығып, әлеуметтік желілерде қайтадан жұлдызға айналдырды.
Анарбеков ЛЧ-ның жалпы кезеңіндегі алғашқы матчында бес сейв жасап, Sofascore нұсқасы бойынша ең жоғары — 10 балдық баға алды.
Айта кетейік, биыл тамыз айында дәл осы Анарбеков «Селтикке» қарсы ойында жарқ етіп танылған еді. Сол кезде 21 жастағы қақпашыға бір тәулік ішінде Instagram желісінде 100 мыңнан астам жанкүйер жазылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или