25-турда рекорд орнады: жеті матчта 33 гол соғылды

25-турда рекорд орнады: жеті матчта 33 гол соғылды


Қазақстан Премьер-лигасының 25-туры биылғы маусымдағы ең нәтижелі тур ретінде тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл турдың жеті матчында жалпы 33 доп соғылды. Орта есеппен әр ойында 4,71 голдан тіркелді.

Бұған дейінгі ең нәтижелі кезең – 24-тур болатын, онда командалар 28 гол соғып, орташа көрсеткіш 4,00-ге тең болған. Ал ең аз гол соғылған кезең – бесінші тур: небәрі 10 гол (орташа 1,43).

Маусым басталғалы бері Премьер-лигада 469 гол соғылды. Бұл орташа есеппен әр кездесуге 2,68 голдан келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или