Сергей Павлович Ақ үйде өтетін турнирге қатысқысы келеді

Сергей Павлович Ақ үйде өтетін турнирге қатысқысы келеді


Ресейлік UFC жауынгері Сергей Павлович промоушен ұйымдастырғалы отырған Ақ үйдегі турнирде жекпе-жек өткізуге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл – медиа кеңістігі үшін үлкен оқиға болмақ. Маған мұндай маңызды турнирлердің кардында өнер көрсету өте қызық болар еді», – деді Павлович.

Айта кетейік, Сергей Павлович – UFC аралық чемпион атағына бұрынғы үміткер, сондай-ақ Fight Nights Global ұйымының бұрынғы ауыр салмақ чемпионы. Ол екі дүркін әлем чемпионы атанған тәжірибелі спортшы, сонымен қатар Ресей, Еуропа және әлем чемпионы атақтарына ие.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или