УЕФА бақылаушылары «Пафос» қорғаушысын үздік деп таныды

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда өткен «Қайрат» – «Пафос» (0:0) матчынан кейін УЕФА техникалық бақылаушылары ойынның үздік футболшысын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үздік ойыншы болып кипрлік клубтың қорғаушысы Давид Луис танылды. «Ол айып алаңында сенімді ойнап, бірнеше қауіпті соққыны бөгеді, көптеген пас пен шабуылдарды үзіп, өз командасында көшбасшылық қасиетін көрсетті. Допқа иелік еткен сәттерде сабыр сақтап, қарсы қақпа алдында да қауіпті болды», – делінген УЕФА бақылаушыларының пікірінде.
Бұл тең нәтиже «Қайратқа» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы ұпайын сыйлады. Бұған дейін алматылықтар «Спортингтен» (1:4) және «Реалдан» (0:5) ірі есеппен ұтылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или