Лионель Месси қазанда MLS үздік ойыншысы атанды

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси АҚШ-тың MLS лигасында қазан айының үздік ойыншысы деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл марапат Мессидің мансабындағы бесінші «Айдың үздік ойыншысы» атағы болды. Осылайша, ол лига тарихындағы жаңа рекорд орнатты – небәрі екі маусым ішінде бес рет үздік атанған алғашқы футболшы. Оның үшеуі биылғы маусымда берілді.
Месси MLS тарихында бір маусымда үш рет «Ай ойыншысы» атағын алған үшінші футболшы атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке Карлос Вела (2019) мен Крис Вондоловски (2012) қол жеткізген.
Қазанда аргентиналық шабуылшы үш матчта 5 гол соғып, 5 нәтижелі пас беріп, барлығы 10 ұпай жинады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или