«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы тарихи ұпайы үшін қанша миллион алады?

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы тарихи ұпайы үшін қанша миллион алады?

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алғашқы ұпайына ие болды. Үшінші турдағы ойында Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Орталық стадионда кипрлік «Пафоспен» 0:0 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл нәтиже үшін «Қайрат» УЕФА-дан 700 000 еуро (шамамен 438 миллион теңге) алады. Естеріңізге сала кетейік, жеңіс 2,1 миллион еуроға (шамамен 1,31 миллиард теңге) бағаланады.

Қазақстандық клуб турнирді португалиялық «Спортинг» (1:4) және «Реал Мадрид» (0:5) клубтарынан жеңіліспен бастады. «Қайраттың» топтық кезеңдегі келесі қарсыластары ағылшындық «Арсенал», италиялық «Интер», бельгиялық «Брюгге», Данияның «Копенгаген» және Грекияның «Олимпиакос» клубтары болмақ.


Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңында бір ұпай еншіледі

«Қайрат» жастары кипрлік «Пафосқа» жол берді

Рафаэль Уразбахтин билет бағасына қатысты ойын айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или