Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңында бір ұпай еншіледі
Чемпиондар лигасының үшінші турында «Қайрат» Алматыда кипрлік «Пафосты» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командалар мына құрамды алаңға шығарды:
Қайрат: Анарбеков, Тапалов, Мартынович, Сорокин, Луис Мата, Арад, Глейзер, Мрынский, Жоржиньо, Громыко, Сәтбаев.
Пафос: Неофитос, Пилеас, Давид Луиз, Лукасен, Бруно, Шунжич, Пепе, Оршич, Драгомир, Кина, Джоао Коррейа.
Алаң қожайындар матчтың төртінші минутынан бері бір футболшыға артық ойнады. Қарсылас футболшысы Жоау Коррея алаң ортасында Луиш Матаға қарсы дөрекі ойнап, алаңнан қуылды.
Бірақ, алматылықтар ойында бір гол да соға алмады. «Қайрат» осылайша жалпы кезеңдегі алғашқы ұпайын еншіледі.
«Қайрат» жастары кипрлік «Пафосқа» жол берді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или