ӘЧ: Ерасыл Мамырбеков жартылай финалда ресейлік қазақтан ұтылды

ӘЧ: Ерасыл Мамырбеков жартылай финалда ресейлік қазақтан ұтылды

Сербияның Нови-Сад қаласында 23 жасқа дейінгі күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грек-рим күресінен 55 келі салмақта сынға түскен Ерасыл Мамырбеков жартылай финалдық белдесуде жеңілді. Оның қарсыласы Омбыдан келген этникалық қазақ Әлібек Әміров болды. Ресейлік қазақ 7:3 есебімен басым түсті.

Енді Ерасыл қола жүлде үшін күресін жалғастырады.

Қазақстандық балуан 1/8 айналымда венесуэлалық Деймер Хосе Роза Амундарайаны (6-4) ұтса, ширек финалда жапондық Тайга Онишиді (9-1) ұтты.


Айдос Сұлтанғали әлем чемпионы атанды

Астанада әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға құрмет көрсетілді

Демеу Жадраев грек-рим күресінен әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или