Бокстан Қазақстан чемпионаты: Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

Бокстан Қазақстан чемпионаты: Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

Семейде өткен бокстан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, араға 29 жыл салып Семей қаласы қайтадан бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатын қабылдады.

Назарларыңызға әйелдер және ерлер арасында чемпион атанған боксшылар тізімін ұсынамыз:

Әйелдер:

  • 48 келі. Әйгерім Сәттібаева (Жамбыл)
  • 51келі. Жазира Орақбаева (Алматы)
  • 54 келі. Элина Базарова (Шымкент)
  • 57 келі. Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан)
  • 60 келі. Римма Волосенко (Астана)
  • 65 келі. Лаура Есенгелді (Шымкент)
  • 70 келі. Бақыт Сейдіш (Алматы)
  • 75 келі. Валентина Хальзова (Астана)
  • 80 келі. Надежда Рябец (Қостанай)
  • +80 келі. Валерия Аксенова (Ақмола).


Ерлер:

  • 50 келі. Даниял Сәбит (БҚО)
  • 55 келі. Сәкен Бибосынов (Түркістан)
  • 60 келі. Серік Теміржанов (Павлодар)
  • 65 келі. Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау)
  • 70 келі. Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды)
  • 75 келі. Сабыржан Аққалықов (Қарағанды)
  • 80 келі. Ерасыл Жақпеков (Абай)
  • 85 келі. Дәулет Төлемісов (Ақтөбе)
  • 90 келі. Сағындық Тоғамбай (Түркістан)
  • +90 келі. Нұрлан Сапарбай (Түркістан).

Ересектер арасында алғаш рет чемпион атанғандар

Ерлер сапынан 85 келідегі Дәулет Төлемісов алғаш рет Қазақстан чемпионы әрі ең жас жеңімпаз атанса, әйелдер сапында 4 бірдей салмақта жаңа чемпиондар (Элина Базарова (21 жас, 54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (20 жас, 57 келі), Бақыт Сейдіш (20 жас, 70 келі), Валерия Аксенова (24 жас, +80 келі)) шықты

Ең жасы үлкен чемпион ретінде 5 баланың анасы Айгерім Сәттібаева (34 жас, 48 келі) тіркелді. Бұл боксшы бұған дейін 2010 жылы ғана топ жарған еді. Ал ең жас чемпион атағын Ұлжан Сәрсенбек (20 жас) пен Бақыт Сейдіш (70 келі) иемденді.

Ең үздік боксшылар:

  • Сабыржан Аққалықов (75 келі)
  • Жазира Орақбаева (51 келі)

Жалпы есепте 4 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдемен Түркістан облысы көш бастады. Екінші орын Алматы қаласына (2 алтын, 3 күміс, 6 қола), ал үшінші орын Шымкент қаласына (2 алтын, 2 күміс, 6 қола) бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или