«Қайрат» бас бапкері билет бағасына қатысты пікір білдірді

«Қайрат» бас бапкері билет бағасына қатысты пікір білдірді

Бүгін, 21 қазан күні «Қайрат» Чемпиондар лигасының 3-турында кипрлік «Пафоспен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматының Орталық стадионында өтетін тарихи кездесу 21:45-те басталады. Матч алдында «Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин билет бағасына қатысты ойын айтты:

«Әрине, қолымнан келсе, бұл жағдайға араласар едім. Бәріміз жанкүйерлердің келгенін қалаймыз. Оның үстіне ауа райы да тамаша болып тұр. Мен билет бағасына араласа алмаймын. Ондайға клуб басшылары жауап береді. Менің міндетім – команданы жақсы өнер көрсетуге дайындау. Мұның барлығы жанкүйерлер үшін анық. Сондықтан қолдауға келулеріңізді сұраймын», – деді «Қайрат» бас бапкері.

Бағасы 30 000–250 000 теңге арасында болуына байланысты біраз билет сатылмай қалған еді.

«Қайрат» жастары кипрлік «Пафосқа» жол берді

«Қайрат» ойыншылары матч алдында жаттығу өткізді

«Қайрат» бас бапкері «Пафоспен» өтетін матч алдында пікір білдірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или