Сәкен Бибосынов жаңа салмақта Қазақстан чемпионы атанды

Сәкен Бибосынов жаңа салмақта Қазақстан чемпионы атанды

Бокстан Семей қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында финалдық бәсекелері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Токио Олимпиаласының күміс жүлдегері Сәкен Бибосынов ел чемпионатында топ жарды.

55 келі салмақта сынға түскен Түркістан өкілі қызылордалық Нұрсұлтан Алтынбекті 5:0 есебімен жеңді.

2024 жылы Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалында Сәкен шығудан бас тартып, жеңіс Нұсрсұлтанға бұйырған еді.

«Басты мақсатым - жаңа салмақта топ жару еді. Өте қуаныштымын. Нұрсұлтан өзімнің жақсы көретін інім. Финал да өте таза өтті. Енді 26 қазан күні Қырғызстанда кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетемін», - деді Сәкен Бибосынов.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты бүгін мәресіне жетеді.

Қазақстан чемпионаты: Финалдық жекпе-жектердің тікелей трансляциясы

Қазақстандық боксшы бес жылдық үзілістен кейін рингке оралады

World Boxing әлемнің үздік боксшыларының рейтингін жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или