Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: Қазақстан қыздар құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан қыздар құрамасы гандболдан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Топтық кезеңдегі кезекті ойында отандастарымыз Үндістан құрамасымен кездесті.
Бірінші кезең 19:15 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.
Екінші кезеңде де басымдығын сақтаған Қазақстан құрамасы матчты 39:26 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін олар Гонконг құрамасын ұтқан болатын.
Қазақстандық спортшылардың 21 қазандағы жарыс кестесі
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды
2025 жылғы Азия ойындары: ұлттық құраманың тізімі жарияланды
Маунтинбайктан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды