Қазақстандық балуан әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде күреседі

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде күреседі

Сербияның Нови-Сад қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Алғаш болып жарыс жолына грек-рим күресінің өкілдері шықты.

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Нұрдәулет Қапас жұбаныш белдесуіне дейін жетті.

Жарыс барысында ол Молдова балуаны Виталий Еременкоға есе жіберген болатын. Алайда қарсыласы әлем чемпионатының финалына шыққандықтан, Қапасқа қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік туды.

Ол үшін Нұрдәулет жұбаныш белдесуінде жеңіске жетуі қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или