Юлия Путинцева Қытайдағы турнирдің екінші айналымына өтті

Юлия Путинцева Қытайдағы турнирдің екінші айналымына өтті

Қытайдың Гуанчжоу қаласында Guangzhou Open WTA 250 турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда қазақстандық Юлия Путинцева (WTA рейтингінде №76) ресейлік теннисші Алина Корнеевамен (WTA рейтингінде №165) кездесті.

Алғашқы айналымда Путинцева қарсыласын 7:6 (7:2), 4:6, 6:4 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 28 минутқа созылды.

Guangzhou Open 20-26 қазан аралығында өтеді. Турнирдің жүлде қоры 275 094 доллар.

Александр Бубликтің матчында сенсация тіркелді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или