Жағажай волейболы: Ұлттық құрама жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында өнер көрсетуін бастады

Жағажай волейболы: Ұлттық құрама жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында өнер көрсетуін бастады

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары аясында жағажай волейболынан іріктеу сайысы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

20 қазанда ұлттық құрама топтық кезеңде төрт матч өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті.

Қыздар құрамасынан Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет алдымен Шри-Ланканы 2:0 есебімен жеңді. Одан кейін қазақстандықтар Қатар құрамасынан да 2:0 есебімен басым түсті.

Ұлдар арасындағы жұптық сайыста Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш алғашқы ойында Моңғолияны 2:0 есебімен ұтты. Кейін қазақстандық жағажай волейболшылары Қытай құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстандық спортшы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды

Маунтинбайктан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

2025 жылғы Азия ойындары: ұлттық құраманың тізімі жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или