«Барыс» ойыншысы канадалық клубқа ауысты

Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Артур Гросс «Викторию Гриззлистің» қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық шабуылшының клубы BCHL (Британиялық Колумбия хоккей лигасы) турнирінде өнер көрсетеді.
2024/2025 маусымында 20 жастағы хоккейші жастар хоккей лигасының тұрақты чемпионатында «Снежный Барс» үшін 39 ойын өткізіп, 22 ұпай (10 шайба, 12 нәтижелі пас) жинады.
Сондай-ақ ол Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымында «Барыс» сапында жеті ойын өткізді.
Гросс Қазақстан құрамасымен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысып, 5 ойында 4 ұпай (3 шайба, 1 нәтижелі пас) жинады.
«Барыс» үш матч қатарынан ұпай жинап келеді
53 жастағы хоккейші мансабындағы 38-маусымын өткізіп жатыр
Қазақстандық хоккейші Польша чемпионатында нәтижелі ойын көрсетті