Азия чемпионы Жүсіпов Семейде өткен жартылай финалда жеңіске жетті

Семейде өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақта жартылай финалдық жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Азия чемпионы Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы) алматылық Нұрбек Мұрсалмен кездесіп, сенімді жеңіске жетті. Қазылар шешімі – 5:0.
Бұл жеңіс Жүсіповтің жоғары деңгейдегі шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ол – әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері әрі кәсіби рингте 4 жеңіс (оның 3-еуі нокаутпен) иеленген боксшы. Соған қарамастан, Абылайхан ел біріншілігінде де өз беделін сақтап келеді.
Нұрбек Мұрсал турнирді қола жүлдемен аяқтады. Ал финалдық жекпе-жектер 21 қазанда өтеді. Жүсіпов алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или