Мендес: «Топуриямен жұдырықтасу – қателік, бірақ аяқпен соққысы осал»

Мендес: «Топуриямен жұдырықтасу – қателік, бірақ аяқпен соққысы осал»


AKA залын негізін қалаған және Ислам Махачевтің бапкері Хавьер Мендес UFC жеңіл салмақ чемпионы Илия Топурияның әлсіз жағын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мендестің пікірінше, Топурияның бокс машығы өте жоғары деңгейде, алайда аяқпен соққы жасау техникасында кемшіліктер бар.

«Илия – дерлік мінсіз файтер, бірақ толығымен емес. Оның боксы өте мықты, сондықтан онымен жұдырықтасудың қажеті жоқ. Дегенмен аяқпен соққыларында әлсіздік байқалады. Оған қарсы муай-тай тәсілдері тиімді болуы мүмкін», – деді Мендес Know Time арнасына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или