Белал Мұхаммед: «Хабиб – ең қатал бапкер»

Белал Мұхаммед: «Хабиб – ең қатал бапкер»


UFC-дің бұрынғы жартылай орта салмақ чемпионы Белал Мұхаммед Хабиб Нурмагомедовтің немере інісі Умарды бар күшін салдырып жаттықтырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айтуынша, Хабиб Умарды 25 қазан күні Абу-Дабиде өтетін UFC 321 турнирінде америкалық Марио Баутистамен болатын жекпе-жекке дайындап жатыр.

«Умардың бүкіл дайындық кезеңін Хабиб басқарды. Хабиб – ең қатал, тіпті есі кетердей талапшыл бапкер. Ол Умарға бұрынғыдан да қатты қысым көрсетіп жатыр, әсіресе алғашқы жеңілісінен кейін», – деді Мұхаммед No Scripts подкастында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или