«Целе» бапкері бұрынғы клубын әжуалады

Словенияның «Целе» клубының бас бапкері Альберт Риера бұрынғы командасына қатысты әлеуметтік желіде пікір қалдырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Олимпия» ұзақ уақыт бойы ел чемпионатында «Целе» клубының басты бәсекелесі саналып келген. Алайда қазір команда көшбасшылардан 14 ұпайға қалып, бесінші орынға түсті. Осы жағдайдан кейін Риера турнир кестесін жариялап, астына «Апта тамаша аяқталды. Кейбіреулер кетті» деп жазған.
Бұл жазба оның бұрынғы клубы — «Олимпияға» меңзеу екені анық. Мұндай қадам екі команда арасындағы қарым-қатынасты одан әрі ушықтырды. Бұған дейін испаниялық маман «Олимпияда» жұмыс істеген, алайда түсініксіз себептермен кетіп, кейін «Целе» тізгінін ұстаған болатын.
Қазір Риера Сербияның әйгілі «Црвена Звезда» клубының бас бапкері қызметіне басты үміткерлердің бірі саналады. Айта кетейік, оның інісі Сито Риера 2014–2016 жылдары «Қайрат» сапында өнер көрсеткен.