5–8 қараша аралығында Өскемен қаласында әйелдер арасындағы хоккейден Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы турнирде Жапония, Қытай және Корея командаларымен сынға түседі.
Кездесулер Борис Александров атындағы спорт сарайында өтеді. Қазақстан құрамасының ойындарына кіру тегін.
Өткен жылы Қытайда өткен алғашқы құрлықтық турнирде қазақстандық хоккейші қыздар қола жүлдегер атанған болатын. Сол кезде олар Корея құрамасын буллиттер сериясында жеңіп, үздік үштікке енді.