Бублик Венада 1/8 финалға шықты

Австрия астанасы Венада ерлер арасындағы ATP 500 санатындағы хард турнирінің негізгі кезеңі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда Чили спортшысы Алехандро Табиломен кездесті.
Бублик матчты сенімді өткізіп, екі сетте де бірдей есеппен – 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Осы нәтижеден кейін қазақстандық теннисші америкалық Брэндон Накашимадан кейін турнирдің үздік 16 спортшысы қатарына енді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или