Қазақстандық төреші футзалдан Еуропа чемпионатында төрелік етуі мүмкін

Қазақстандық төреші футзалдан Еуропа чемпионатында төрелік етуі мүмкін

ФИФА төрешісі, қазақстандық Аслан Галаев футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатына төрелік ететін үміткерлер қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz

Дүбірлі дода алдағы жылдың қаңтар-ақпанында Латвия, Литва және Словенияда өтеді.

Дайындық аясында А.Галаев пен басқа да үміткерлерге 13-16 қазанда Словенияның Любляна қаласында өтетін УЕФА-ның арнайы төрешілерге арналған курстарына шақыру келді.

Курс бағдарламасында ережелерді біркелкі түсіндіру бойынша нұсқаулықтар алу, қажетті физикалық дайындық деңгейін сақтау бойынша ұсыныстар, ойын кезіндегі шешім қабылдау механизмдерін пысықтау, сондай-ақ физикалық дайындық бойынша тест тапсыру қарастырылған.

Айта кету керек, 2022 жылы Аслан Галаев Испанияда өткен футзалдан жасөспірімдер Еуропа чемпионаты матчтарына төрелік етіп, жоғары кәсіби шеберлігін көрсетті.



Қазақстан Өзбекстанмен өтетін ойынға құрамын жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или