Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кеше Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінде чемпион атанған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 10-нан 7-орынға көтерілді.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 69-дан 76-ға төмендеді.

Анна Данилина жұптық сында 13-орнын сақтап қалды.

Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде бұрынғыша 9-сатыда тұр.

Қазақстандық теннисші қарашада Эр-Рияд қаласында өтетін жылдың қорытынды турниріне қатысу үшін үздік сегіздікке ілігуі қажет. Бұл үшін Токио (Жапония) WTA 500 турнирінде алдағы екі матчында жеңсе, жетіп жатыр. Сонда 8-орындағы ресейлік Мирра Андрееваны басып озады. Мирра Андреева осы аптадағы жарыстарға қатыспайды.

ATP қазақстандық теннисшілердің рейтингін жариялады

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші маусымның аяқталуына орай мәлімдеме жасады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или