70 келі салмақта Қазақстан чемпионатының финалистері белгілі болды

Бокстан Семей қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жартылай финалдық бәсекелер жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
70 келідегі басты фаворит Абылайхан Жүсіпов сенімді түрде ақтық сынға жолдама алды. Ол жартылай финалда жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрбек Мурсалмен кездесті. Тәжірибелі Абылайхан 3-раунд бойы басымдықты бермей, 5:0 есебімен сенімді түрде ұтты.
«4 жылдан кейін Қазақстан чемпионатына қатысып жатырмын. Көптеген қарсыластарыммен бірінші мәрте жұдырықтасып жатырмын. Өз салмағымда талантты жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Бұйырса, Нұрбек Мурсал секілді жастармен ұлттық құрамада бірге жаттығамыз деген сенімдемін. Енді финалдағы қарсыласыма тыңғылықты дайындаламын», - деді Абылайхан Жүсіпов.
Енді ол ертең финалда Фарух Тоқтасыновпен (Алматы қаласы) кездеседі.
Бес баланың анасы Қазақстан чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық боксшы бес жылдық үзілістен кейін рингке оралады
World Boxing әлемнің үздік боксшыларының рейтингін жариялады