Рафаэль Уразбахтин Давид Луис туралы пікір білдірді

Рафаэль Уразбахтин Давид Луис туралы пікір білдірді

«Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасы аясында Алматыда өтетін матч алдында Кипрдің «Пафос» клубы мен команданың бразилиялық қорғаушысы Давид Луис туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Футболды шын түсінетіндерге «Пафостың» іріктеу кезеңінде кімдерді жеңгеніне қараудың өзі жеткілікті. Олар мықты ұжымдарды — «Маккаби» (Тель-Авив) мен Киевтің «Динамосын» жарыстан шығарды. Бұл — сапалы ойыны бар өте күшті қарсылас. Осындай деңгейдегі клубтарда мүмкіндік әрқашан бар. Себебі футболды ақша емес, адамдар ойнайды. Сондықтан біз өз күшімізге сенеміз және соңына дейін күресеміз», — деді Уразбахтин.

«Давид Луис — бұл ерекше тұлға, командадағы ең тәжірибелі ойыншы. Біздің командадағы Александр Мартынович секілді. Жалпы бір ғана футболшыны бөліп атаудың қажеті жоқ деп ойлаймын, өйткені бұл — тәжірибелі ұжым. Иә, олар «Реал» немесе «Спортинг» секілді жұлдыздарға толы команда емес, бірақ «Пафоста» жеке шеберлігі жоғары көптеген футболшы бар. Мұнда басты назар командалық ойынға аударылуы керек. Сондықтан мен ешкімді жеке атап көрсетпеймін», — деді «Қайрат» клубының бас бапкері матч алдындағы баспасөз мәслихатында.

«Қайрат» бас бапкері «Пафоспен» өтетін матч алдында пікір білдірді

«Астана» мен «Ақтөбе» жанкүйерлерге нағыз голға толы шоу сыйлады

ҚФФ «Астана» – «Ақтөбе» матчындағы ойын сәттеріне түсіндірме берді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или