«Слован» клубының қорғаушысы «Қайраттың» тарихи жетістігіне қатысты пікір білдірді

Братиславаның «Слован» клубының қорғаушысы Юрий Медведев ASnews.kz-ке берген сұхбатында қазақстандық футболдың дамуы және «Қайраттың» тарихи табысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазақстан футболы расымен өрлеп келеді. Мұның айқын дәлелі – «Қайраттың» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуы. Енді Еуропа Қазақстанды таныды, бұл – үлкен жетістік. Біз іріктеу кезінде «Қайратқа» қарсы ойнадық, олар өте тәртіпті әрі намыспен ойнады. Тарих жазуға ұмтылды, сол үшін жарайсыңдар», – деді Медведев.
Еске сала кетейік, «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан екінші қазақстандық клуб атанды. Алматылықтар іріктеуде Словенияның «Олимпиясын», Финляндияның КуПС-ын, Словакияның «Слованын» және Шотландияның «Селтигін» жеңді.
Топтық кезеңде олар алғашқы екі ойында «Спортингке» (1:4) және «Реалға» (0:5) жол берді. Дегенмен, мұндай деңгейге шығу — қазақ футболы үшін үлкен жетістік саналады.
Юрий Медведев — Қазақстанда туған, алайда бала кезінде ата-анасымен Чехияға қоныс аударған. «Виктория» (Пльзень) академиясының түлегі, Чехия жастар құрамасында (U-19) екі матч өткізген. 2018 жылдан бері «Слован» сапында ойнап, Словакия чемпионы атанып жүр.
«Қайрат» бас бапкері «Пафоспен» өтетін матч алдында пікір білдірді
«Астана» мен «Ақтөбе» жанкүйерлерге нағыз голға толы шоу сыйлады
ҚФФ «Астана» – «Ақтөбе» матчындағы ойын сәттеріне түсіндірме берді