Бес баланың анасы 15 жылдан кейін Қазақстан чемпионатының финалына шықты

Бокстан Семей қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жартылай финалдық бәсекелер басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әйелдер арасында 48 келіде сынға түскен Aйгерім Сәттібаева 1/2 финалда Қызылорда облысының өкілі Ақбота Болатты нокдаунға жіберіп, 5:0 есебімен басым түсті.
«Тұрмысқа шығуыма байланысты 8 жыл үзіліс алған едім. Сол сәттегі боксқа деген сағынышымның арқасында қайта жетістіктерге жетіп жатырмын. Араға 15 жыл салып, Қазақстан чемпионатының финалына шықтым. 2010 жылы Қызылордада Жайна Шекербекованы жеңіп, топ жарып едім. Енді сол көрсеткішті қайталасам деймін», - деді Aйгерім Сәттібаева.
Айта кетейік, 2024 жылы дәл осы салмақта 3 дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай алтын медальді мойынына таққан еді.
Қазақстандық боксшы бес жылдық үзілістен кейін рингке оралады
World Boxing әлемнің үздік боксшыларының рейтингін жариялады
Сәкен Бибосынов Қазақстан чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді