Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында екі бірдей рекорд тіркелді

Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында екі бірдей рекорд тіркелді

ҚПЛ 25-турындағы «Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы ойынға 28 211 көрермен жиналды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл Қазақстан чемпионатының жаңа рекорды болып тіркелді. Бұған дейінгі рекорд осы маусымның алғашқы турындағы «Астана» – «Қайрат» матчында орнатылған еді (26153).

Ең көп жанкүйер жиналған ҚПЛ матчтары:

  1.  2025. Астана 5:3 Ақтөбе (28 211)
  2.  2025. Астана 1:1 Қайрат (26 153)
  3.  2025. Қайрат 5:0 Жетісу (23 800)
  4.  2024. Қайрат 1:3 Ақтөбе (22 804)
  5.  2025. Қайрат 1:0 Ақтөбе (22 800).

Сонымен қатар, Қазақстан чемпионатының 25-турындағы 7 ойында 33 гол соғылды. Осылайша, бұл ҚПЛ тарихындағы ең нәтижелі тур ретінде тіркелді.

26 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» – «Астана» кездесуі өтеді. Бұл матчта Қазақстан чемпионы анықталады.

Қазір «Қайрат» – 58 ұпаймен көшбасшы, «Астана» екі ұпайға артта қалды. Алматылықтарға тең нәтиже жеткілікті, ал елордалықтарға тек жеңіс қажет.

«Тобыл» күміс жүлде үшін күресін жалғастырып жатыр, ал «Ақтөбе» соңғы турда еурокубокқа шығу мүмкіндігін сақтап қалуға тырысады.

«Астана» мен «Ақтөбе» жанкүйерлерге нағыз голға толы шоу сыйлады

«Тобыл» сырт алаңда «Жетісудан» басым түсті

«Елімай» Түркістанда жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или