«Қайрат» бас бапкері «Пафоспен» өтетін матч алдында пікір білдірді

«Қайрат» бас бапкері «Пафоспен» өтетін матч алдында пікір білдірді

«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ертең Чемпиондар лигасы аясында «Пафоспен» өтетін матч алдында қарсыластың тактикасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

 Біз талдаған ойындарда «Пафос» көбіне төрт қорғаушымен ойнаған. Әрине, кей сәттерде ойын барысында жүйе өзгеріп отырды, бірақ бұл олардың үнемі үш орталық қорғаушымен ойнайтынын білдірмейді. Қазіргі футболда көптеген аралас, яғни «гибридті» жүйелер бар: шабуылда — бір, қорғаныста — басқа схема қолданылады. Барлығы ойыншылардың ерекшелігіне байланысты. Ертең олардың қалай ойнайтынын көреміз. Біз кез келген нұсқаға дайынбыз — үш қорғаушымен де, төрт қорғаушымен де, - деді Уразбахтин.

Сонымен қатар бапкер қарсыласты бағаламауға шақырды:

— Кейбіреулер «бұл команданы 5:0 есебімен ұтамыз» — дейді. Мұндай ой — футболды түсінбеудің белгісі. Біз алғаш рет Чемпиондар лигасында ойнап жатырмыз, мұнда тек мықты командалар. Сондықтан жеңіл ойын болмайды. Аспанда қалықтамай, жерге түсу керек. Біз ең алдымен өзімізге көңіл бөлуіміз керек — шабуылдағы, қорғаныстағы және стандарттардағы іс-әрекеттерге. Қарсыласты кім қалай бағаласа да, оған мән бермейміз. Ең маңыздысы — өз ойынымызға шоғырлану, - деп түйіндеді «Қайрат» бас бапкері.

Нұралы Әліп Ресей чемпионатында алғашқы голын соқты

«Астана» мен «Ақтөбе» жанкүйерлерге нағыз голға толы шоу сыйлады

«Тобыл» сырт алаңда «Жетісудан» басым түсті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или