Милад, Нариман және Зейнолла спорттық гимнастикадан әлем чемпионатының финалына өтті

Милад, Нариман және Зейнолла спорттық гимнастикадан әлем чемпионатының финалына өтті

Джакартада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында жекелеген жаттығулар бойынша финалистер анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстанның үш спортшысы үздік сегіздікке еніп, медаль үшін таласады.

Милад Карими еркін жаттығу бағдарламасында 14.133 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов іріктеу кезеңінде ешкімге дес бермей, ең жоғары 14.700 ұпай жинады. Одан бөлек, ат снарядындағы финалда Зейнолла Идрисов та өнер көрсетеді (14.300 ұпай).

Еркін жаттығу мен ат снарядындағы финалдар 24 қазанда өтсе, қоссырықтағы жаттығулардың жүлдегерлері 25 қазанда анықталады.

Өкінішке қарай, Дияс Тойшыбек, Дмитрий Патанин және Ілияс Азизов финалға шыға алмады.

Қазақстандық спортшы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды

Маунтинбайктан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

2025 жылғы Азия ойындары: ұлттық құраманың тізімі жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или