Уәлихан Бисенқұлов бес жылдық үзілістен кейін рингке оралады

Қазақ боксшысы Уәлихан Бисенқұлов (11-2, 10 КО) бес жылға созылған үзілістен кейін рингке қайта оралуды жоспарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Бисенқұлов 15 қарашада Ресейдің Мәскеу қаласында өтетін бокс кешінде бақ сынасады, оның қарсыласы әлі анықталған жоқ.
Кәсіпқой бокста «Адай» деген лақап аты бар Уәлихан үшін алдағы жекпе-жек 2020 жылдың желтоқсан айында Алматыда жерлесі Михаил Криницынды (11-11-2, 7 КО) жеңгеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болады деп күтілуде.
Уәлихан Бисенқұлов кәсіпқой бокстағы дебютін 2018 жылы өткізіп, алғашқы бес жекпе-жегін Ресейде өткізген.
Сәкен Бибосынов Қазақстан чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді
World Boxing әлемнің үздік боксшыларының рейтингін жариялады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или