Ойын ережелеріне сәйкес «Астана» – «Ақтөбе» матчындағы ойын сәттеріне түсіндірмелер

Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лига 25-туры аясында «Астана» – «Ақтөбе» матчындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.
«Астана» – «Ақтөбе»
6-минут. Алаң иелерінің шабуылы кезінде 23-нөмірлі шабуылшы мен 11-нөмірлі қорғаушы допқа таласты. Допқа бірінші жеткен қонақтар командасының 23-нөмірлі қорғаушысы баспен қақпашы бағытында ойнады. Екі ойыншының қозғалысының салдарынан олардың арасында жеңіл, ойын сәтіне тән жанасу болды, бірақ бұл байланыс қорғаушы допқа тигеннен кейін орын алды. Төреші дұрыс позицияда тұрды және бірден ойынды жалғастыру белгісін берді.
VAR жүйесінің араласуы қажет болған жоқ – эпизод тексеріліп, төрешінің шешімі дұрыс деп танылды.
Төрешінің ойынды жалғастыру жөніндегі шешімі – дұрыс.
16-минут. Ойын төреші ысқырығымен тоқтатылған сәтте алаң иелерінің 18-нөмірлі ойыншысы қарсыласын қолымен арқасынан итеріп, сәл бас тұсына да тигізді. Бұл әрекет шамадан тыс күшпен жасалмаған, сондықтан төреші спорттық емес мінез-құлық үшін ескерту қағазын (сары қағаз) көрсетті.
VAR жүйесінің араласуы қажет болған жоқ – эпизод тексеріліп, төрешінің шешімі дұрыс деп танылды.
Төрешінің ойыншыға сары қағаз көрсету туралы шешімі – дұрыс.
45+1-минут. Қонақтар айып алаңында 5-нөмірлі қорғаушы 9-нөмірлі шабуылшының артында тұрды. Доп шабуылшыға бағытталған сәтте қорғаушы оның жейдесінен тартып, арқасынан кейінге қарай жұлқып, тепе-теңдігін жоғалтып құлатты. Нәтижесінде шабуылшы допқа ойнай алмады. Бұл – айқын пенальти. Төреші жақсы позицияда болып, бірден ысқырық шалды.
VAR жүйесінің араласуы қажет болған жоқ – эпизод тексеріліп, төрешінің шешімі дұрыс деп танылды.
Төрешінің пенальти белгілеу және ойыншыға сары қағаз көрсету туралы шешімі – дұрыс.
«Ордабасы» өз алаңында «Оқжетпесті» ұтты
«Астана» мен «Ақтөбе» жанкүйерлерге нағыз голға толы шоу сыйлады