Ла Лига: «Реал» «Хетафеден» басым түсті

Ла Лига: «Реал» «Хетафеден» басым түсті

Мадридтік «Реал» Испания Ла Лигасының тоғызыншы турында «Хетафеден» жеңісті жұлып алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хаби Алонсо шәкірттері бұл ойында айқын фаворит саналды. 80-ші минутта Килиан Мбаппе гол соқты. Бірер минут бұрын орнына жаңадан шыққан «Хетафенің» қорғаушысы Аллан Ниом қызыл қағаз алып үлгерген болатын. Алекс Санкрис екінші сары қағазы үшін алаңнан қуылғаннан кейін 84-минутта Хетафе матчты тоғыз футболшымен аяқтады.. Осылайша Реал Мадрид 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жеңісімен «Реал Мадрид» 24 ұпай жинап, Ла Лигада 22 ұпайы бар «Барселонаны» басып озып, көш бастады. 11 ұпайы бар «Хетафе» лигада 12-орында.


УЕФА іріктеу турнирінің ережелерін өзгертуі мүмкін

Әліптің командасы сырт алаңда жеңіске жетті

Нұралы Әліп Ресей чемпионатында алғашқы голын соқты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или